Семей

Семейде қоғам белсенділерімен кездесу өтті

Бүгін Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлының қатысуымен қоғам белсенділерімен ашық форматтағы кездесу өтті. Жиынға қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары мен қала әкімінің инспекторлары қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қоғам белсенділері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қала инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және коммуналдық салаға қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары мен қала әкімі нақты жауаптар беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Өз сөзінде Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы бұл кездесудің жай ғана басқосу емес, тұрғындар мен билік арасындағы тиімді пікір алмасу алаңы екенін ерекше атап өтті.

Қаламыздың дамуы мен гүлденуі – бәріміздің ортақ мақсатымыз. Әрбір ұсыныс пен бастама біз үшін маңызды. Қала тұрғындарының пікірі мен көтерген мәселелері біздің жұмысымыздың басты бағдары болып қала береді. Сондықтан мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Тек ашық диалог пен бірлескен еңбектің арқасында қаламызды тұрғындарға жайлы, қауіпсіз әрі заманауи қалаға айналдыра аламыз, – деді қала әкімі.

Осы айдарда

Back to top button