МәдениетСемейТОП

Әділет Қожанбаев семейліктерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Домбыра – халқымыздың тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, рухы мен болмысын бойына сыйдырған қасиетті мұра. Қос ішектен төгілген қоңыр үн сайын қазақ даласын тербеп, ұлттың рухын асқақтатып, бабалар аманатын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді.

Ұлттық домбыра күні – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, төл өнерімізге тағзым ететін ерекше мереке. Домбыраның қоңыр үні әр шаңырақтан естіліп, халқымыздың бірлігі мен берекесін, рухани байлығын дәріптей берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Семей қаласының әкімі
Әділет Нұрсағатұлы

Осы айдарда

Back to top button