ҚазақстанПрезидентТОП

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

— Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат. Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы — Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енетінін еске салды.

— Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді, — деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президенттің қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталғанын жазған едік.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-kuriltay-zhonnde-bul-ozgers-kazakstanda-tarihi-sabaktastik-bar-ekenn-a-01ced4f3

Осы айдарда

Back to top button