Семей

Семейде мердігер ұйымдар өзінің техникалық базасын жаңартуда

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес мердігер ұйымдар өзінің техникалық базасын жаңартып, жаңа техникалар сатып алуда.

Бүгін Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы жолдарды күтіп ұстау және тазалыққа жауапты мердігер ұйымдардың базасына барды. Қазіргі таңда 4 заманауи вакуумды-сыпыру техникасы және 3 қоқыс шығаратын көлік алынған.

Сонымен қатар, жақын арада тағы 14 арнайы техниканы сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде жыл бойы пайдаланылатын 10 комбинирленген жол машинасы, 1 автогрейдер, 1 тиегіш және 2 тротуар тазалайтын техника бар.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен облыс әкімінің тапсырмасы аясында қала тазалығын одан әрі күшейту қажет. Семей қаласының көшелері мен аулалары әрдайым таза әрі тұрғындарға қолайлы болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Мердігер ұйымдар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, техникалардың толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек, — деді Әділет Нұрсағатұлы.

Көшпелі кеңес барысынды жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріліп, жолдарды уақытылы тазалау, көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button