Абай облысыМерекеТОП

Берік Уәли Абай облысының кішкентай тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бала – әр отбасының бақыты, әр мемлекеттің болашағы. Баланың шат күлкісі мен алаңсыз балалығы – қоғамның тұрақтылығы мен елдің жарқын келешегінің айғағы.

Өңірімізде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облысымызда 5 «Келешек мектебі» мен Семей қаласында заманауи, сәулеті келіскен Оқушылар сарайы ашылды. Биылғы жазда өңірдің 90 мыңнан астам оқушысы әртүрлі форматтағы демалыспен, бос уақытты тиімді өткізу шараларымен қамтылады.

Балалардың қауіпсіз, бақытты әрі мазмұнды өмір сүруіне жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Өскелең ұрпақтың арманы асқақ, талабы биік, болашағы жарқын болуы үшін алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жалғаса береді.

Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шығармашылық саладағы және спорттағы жетістіктерімен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Берік Уәли,
Абай облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button