
Ардақты семейліктер және қала қонақтары!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Барша мұсылман жұртшылығы үшін қадірлі саналатын бұл ұлық мейрам – мейірім мен имандылықтың, ізгілік пен татулықтың жарқын көрінісі.
Құрбан айт күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасау – халқымыздың сан ғасырлық асыл дәстүрі. Дініміз адамдарды өзара сыйластыққа, жанашырлыққа және бауырмалдыққа шақырады. Осындай игі қасиеттер ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайта түседі.
Құрбан айт – береке мен бірліктің мерекесі. Біз татулық пен тұрақтылықты қадірлей отырып, кез келген қиындықты еңсеріп, ортақ мақсаттарға бірге жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірлесе құра береміз.
Осынау қасиетті мейрамда айтылған барлық ақ тілектер мен дұғалар қабыл болсын!
Әр отбасыға амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілейміз!
Айт мерекесі құтты болсын! Айттан айтқа амандықпен жете берейік!
Ізгі ниетпен,
Семей қаласының әкімі
Әділет Нұрсағатұлы



