Абай облысыМерекеТОП

Берік Уәли Абай облысының тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Бұл күндері халқымыз мұқтажға қол ұшын созып, қайырымдылық жасап, ағайын арасындағы татулық пен сыйластықты нығайтады.

Қазақ халқы ежелден береке-бірлікті, тату тірлікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті ерекше қадірлеген. Осындай асыл құндылықтар ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара сенімнің негізі болып келеді.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!

Берік Уәли, Абай облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button