Таза Қазақстан – таза сана: Абай облысында қоғамдық қор жастары мен бірлескен сенбілік өтті

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы “СОЦ КZ” қоғамдық қорының белсенді жастарымен бірлесіп, өңірде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс қалдықтарын жинау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылды.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, қоғамдық жауапкершілікке шақыру және тұрғындар арасында тазалықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар қалалық саябақтарды, алаңдарды және көшелерді жинап, қоқыс қалдықтарын сұрыптап, қайта өңдеуге дайындады.
Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері:
Біздің басты мақсатымыз – қоғамда жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыру. Мұндай бірлескен іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамға деген сүйіспеншілігін күшейтеді, – деп ойларымен бөлісуде.
Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен “СОЦ КZ” қоғамдық қорының жастар қозғалысы ынтымақтастықтың тиімді үлгісін көрсетті. Сенбілік нәтижесінде өңірдегі қоғамдық орындар айтарлықтай тазартылып, тұрғындардың экологиялық сана-сезімі артты.


