
Құрметті семейліктер!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбіт өмір мен татулықты, достық пен өзара түсіністікті ардақтайтын еліміз үшін айрықша мәні бар мереке. Бірлігі бекем ел ғана тұрақты дамып, жарқын болашаққа нық қадам басатыны анық.
Көпұлтты Қазақстанның ажырамас бөлшегі саналатын Семей өңірінде де түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, өзара сыйластық пен құрметтің үлгісін көрсетіп келеді. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына әрбір тұрғынның қосып жатқан үлесі – біздің ортақ жетістігіміз бен мақтанышымыз.
Бүгінде біз бірліктің арқасында талай белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Алдағы уақытта да осы ынтымақ пен келісімнің туы әрдайым биік болып, Семейіміз одан әрі көркейе беретініне сенім мол.
Еліміздің бірлігі нығайып, әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнай берсін!
Құрметпен,
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы



