Абай облысыЗаң мен тәртіпСемейТОП

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігі жоқ: Абай облысының полицейлері екі мотоцикл жүргізушісінің жолын кесті

Семей қаласында жол қозғалысын бақылау барысында полиция қызметкерлері Мұхамедханов көшесі бойында екі мотоцикл жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзуынының жолын кесіп, олардың қауіпсіздік қаупін жойды.

Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, аталған көліктерде мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен қоса, көлік құралын басқаруға құқықтары (жүргізуші куәлігі) болмаған. SUZUKI мотоциклі 19 жастағы азаматқа, SAMURAI мотоциклі 21 жастағы азаматқа тиесілі. Көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді, осылайша жолда апатқа ұшырау қаупі толық жойылды.

Абай облысы Полиция департаменті атап өткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау тек құқық бұзушылықтарға реакциямен шектелмейді. Басты мақсат – алдын алу шараларын жүзеге асыру, жол апаттарын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлікті заңды түрде тіркеу және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқармау арқылы өз өмірлерін және өзгелердің өмірін қорғауға шақырады.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды тек заңды түрде тіркелген көлікті басқаруға, жол ережелерін қатаң сақтауға және жүргізуші куәлігінсіз мопед, мотоцикл немесе автокөлікті пайдаланбауға шақырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button