Абай облысыМӘМССпортТОП

Облысымыздағы үздік спортшылар марапатталды

Абай облысында «Жыл үздігі – 2024» олимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты – республикалық және халықаралық сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, спорттың дамуына елеулі үлес қосқан спортшыларымыздың еңбегін бағалау.

Сіздердің жеңістеріңіз – үлкен еңбектің, табандылық пен ерік-жігердің нәтижесі. Сіздер облысымыздың ғана емес, Қазақстанның мақтанышысыздар. Біз биыл спортты дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Жерлес спортшыларымыздың әлемдік аренада танылып жатқаны үлкен қуаныш. Алдағы уақытта да биіктерден көрініп, еліміздің даңқын асыра бересіздер деп сенемін. Сіздерге Жаңа жылда табыс тілеймін, –  деді облыс әкімі.

Бүгінгі таңда Абай облысында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 40% құрайды. Өңірде 72 спорт түрі белсенді дамуда. Ал ведомстволық бағынысты мекемелерде 15 259 спортшы тұрақты түрде жаттығуда. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында облыстың 453 спортшысы өнер көрсетеді.

2024 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2892 медаль жеңіп алды. Руслан Ерембаев пен Кенжекан Баймұратов бочча спорт түрінен «ҚР спорт шебері» атағына ие болды.

Шарада үздік спортшылар ақшалай сертификат, естелік сыйлық және Алғыс хаттармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button