Орман шаруашылығын дамыту сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыты
№11 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Вагиз Есильканов өзінің сайлауалды бағдарламасында орман шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.
Оның айтуынша, бұл бағыт тек экологияны жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға да ықпал етеді.
Вагиз Есилькановтың пікірінше, орман шаруашылығын дамыту аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді. Ол бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы Семей қаласының табиғи сұлулығын сақтап, болашақ ұрпақ үшін жайлы және жасыл орта қалыптастыруға ұмтылады.
Осы бағдарлама аясында үміткер тұрғындарды табиғатты қорғау мен орман шаруашылығын дамыту ісіне белсенді қатысуға шақырады.
№11 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер В. Есилькановтың сайлау қорынан төленді