Абай облысыТОП

Облыс әкімі Татарстан Республикасының Раисымен кездесті

Татарстан Республикасындағы Абай облысының мәдени күндері аясында Қазан қаласына жұмыс сапарымен Абай облысының делегациясы келді, деп хабарлайды Semeynews.kz

Сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов кездесті. Бұл сапардың мақсаты – екі аймақ арасындағы байланысты, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы кең ауқымды мәселелерді және экономикалық, мәдени саланы қамтиды. Әріптестік бастамалар екі жақты қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпал етеді.

Тараптар атап өткендей, мәдени ынтымақтастық – өңіраралық қатынастардың ажырамас бөлігі. Семей қаласында татар өнер мектебі табысты жұмыс істеп келеді. Шаһарда татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайға ескерткіш пен халық қаһарманы Мұса Жәлелдің бюсті бар. Қазан қаласында Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Сонымен қатар, облыс орталығында Сабантой жыл сайын кең көлемде атап өтіледі. Негізгі татар мейрамына мыңдаған азаматтар қатысады.

Біз ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастар аясында Татарстанмен ынтымақтастықты дамытуға берілген мүмкіндікті жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін Татарстан экономиканың түрлі салаларында сенімді дос, сенімді серіктес болды және солай болып қала береді. Татарстан Республикасы – дәстүр, бабалар даналығы мен заманауи мәдениет, инновация тоғысқан бірегей мекен. Біздің қоғамымыз әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді біріктіреді. Сіздің басшылығыңызбен қазіргі Татарстан көптеген елдерге, сондай-ақ Ресейдің басқа аймақтарына үлгі болды. Абай облысы түрлі салаларда екі жақты қарым-қатынастарды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы сапар аясында Татарстан Республикасының заманауи жетістіктерімен танысуға және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Өйткені, өткеніміз ортақ, тарихымыз, салт-дәстүрлеріміз ортақ, – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Осы орайда Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановты Абай облысына жұмыс сапарымен келуге шақырды.

Сонымен қатар, білім, ғылым, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастық екі тарап үшін де үлкен мән- маңызға ие. Бұл бағыттарды дамыту халықтар арасындағы байланысты нығайтып, екі мәдениеттің де бірегей дәстүрлері мен жетістіктерін қолжетімді етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button