Абай облысыТОП

Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназияға — 100 жыл

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия 2024 жылдың 11-12 қазан күндері өзінің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. «Самғатқан сан қыранды Алтын ұям» атты бұл шара гимназияның ғасырлық тарихын құрметтеуге арналған маңызды оқиға болды.

Мерейтойдың бірінші күні қонақтар Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен бастады. Одан әрі бірнеше мемлекеттің ғалымдары қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектепте гимназияның тарихына арналған музей бұрышы ашылып, мектеп ұстаздары мен оқушылары ардагерлерге, түлектерге және шақырылған қонақтарға арнап түрлі мәдени іс-шаралар өткізді.

Мерекенің екінші күні Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында ауқымды салтанатты жиын өтті. Бұл шараға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қаланың зиялы қауымы мен мектеп түлектері қатысты.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде: «Семей қаласы – ұлы даланың ұлағатты өлкесі болса, Шәкәрім атындағы № 5 көпбейінді гимназия – ұлттық білім мен ғылымның, өнер мен мәдениеттің негізін қалаушы тарихи ортасы» деп атап өтті.

Салтанатты шара барысында мектеп педагогтері Абай облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Алғыс хатымен, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен, Алғыс хатымен, Семей қаласы әкімдігінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button