ШҚОПроисшествияТОП

Пеште ұмыт қалған кешкі ас түтіндену тудырды

Оқиға кеше Өскемен қаласында, Өтепов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орын алды, деп хабарлайды Semey News.

2021 жылғы 2 маусымда 19 сағат 30 минутта тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден түтін шыққан. Пәтер иелерінің қосылып тұрған пеш үстінде кешкі асты ұмыт қалдыруы түтіннің шығуына себеп болған.  Құтқарушылар пәтерге кіріп, түтін шығу ошағын жойды.

Жыл басынан бастап 20-дан астам осындай оқиға тіркелген.

 

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button