Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды
Абай облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Отырысқа басқарма басшылары, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары және органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында денсаулық сақтау саласы мен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың орындалуы туралы мәселелер талқыланды.
Қоғам белсенділері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы және азық-түлікті бақылауға қатысты сұрақтарын қойды.
Отырыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссия жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізіп, өз жұмысын жалғастыруда.
Semeynews.kz