ОқиғаСемей

Семейде лифт құлады

Семейде лифт құлауы салдарынан 6 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

8 мамырда сағат 12:30 шамасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне «103» диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтасына лифт құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 11:40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп, кабина шахтаға құлаған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button