Абай облысыТОП

Курчатов қаласының демалыс базасында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Курчатов қаласының «Берег» демалыс базасында «Жасыл десант» экологиялық акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оған Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілер қатысты. «Мөлдір бұлақ» апталығының аясында Ертіс жағалауы тазаланды. Демалыс базасының аумағы жапырақтардан және былтырғы қоқыстардан тазартылды. Енді демалыс базасы каникул кезінде өзінің кішкентай келушілерін қабылдауға дайын.

Бүгінде Курчатов қаласында «Таза Қазақстан» акциясына 5162 адам қатысқан. Сонымен қатар, 2 бірлік қоқыс тиегіш, 3 бірлік жүк және суару техникалары тартылды. 3500 шаршы метр сквер, саябақ ауласы жиналып, 1708 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 50 аула аумағы тазаланып, 1500-ден астам ағаш отырғызылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button