Абай облысыТОП

Аягөздік 150 белсенді жас «Мөлдір бұлақ» апталығына қатысты

Ел аумағында Мемлекет басшысының тапсырмасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына Аягөз өңірінің жастары да белсенді атсалысуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша науқанның бесінші аптасы «Мөлдір бұлақ» апталығына 150-ге жуық жастар белсене ат салысты.

«Аялаған Аягөз» атауымен Аягөз өзенін тазалау қолға алынып, сенбілік қатысушылары өзен жағасын тазартып, 10 тонна күл-қоқыс жиналып, 2 техника жұмылдырылды.

«Алдағы уақытта да осындай сенбіліктер жалғасын тауып, ауданның тазалығы баршамызға ортақ болады деген сенімдеміз. Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Әрбір азамат көше тазалығын өз ауласынан бастап, туған жерінің көркеюіне осылай үлес қосса, еліміздің әрбір өңірі гүлдене берері ақиқат»,- дейді Аягөз ауданының мәслихат депутаты, Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры Бахтияр Абен.
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button