Абай облысыТОП

Ақсуат ауданында екі саябақ салынады

Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығына Ақсуат ауданының тұрғындары белсене қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев туған жеріне 6 мыңнан аса түп көшет сыйға тартты. Үйеңкі, жиде, қарақат, мойыл, долана, шынар, алма және емен көшеттері Астана, Павлодар, Алматы, Семей қалаларынан әкелінген.

Көшеттер депутаттың қолдауымен салынған Ақсуат және Екпін ауылдарындағы саябақтарға отырғызылды. Көшеттердің бір бөлігі Ойшілік ауылына жеткізіліп, егілді.

Екпін ауылындағы көлемі 1 га саябаққа 1300 түп үйеңкі, жиде, қарақат, мойыл, долана, емен ағаштарының көшеттері егілді. Сонымен қатар жас талдарды суғару жүйесі де жолға қойылды. Алдағы уақытта саябақтың ішіне орындықтар қойылып, тақта тас төселіп, абаттандыру жүргізіледі.

Саябақтың салынуына Екпін ауылының әкімі Айбек Қараталов бастаған ауыл тұрғындары да белсене қатысты.

Іс-шараға Ақсуат ауданы әкімі Асхат Смаилов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Ауыл халқы туған жерінің көркеюіне үлес қосқан Қайрат Тастекеевтің өнегелі ісіне алғысын білдірді.

Саябақтарға көшет отырғызу жұмысы барлық ауылдық округтерде жалғасын табуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button