Абай облысыТОП

Абай облысында сенбілікке мыңдаған тұрғын қатысуда

Абай облысының тұрғындары сенбілікке белсенді қатысуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Курчатов қаласындағы акцияға 700-ден астам адам қатысты. Қала аумағынан 92 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Бородулиха ауданында 2 жарым мыңнан астам аудан тұрғыны 20 100-ден аса ағаш көшеттерін отырғызды. 32 бірлік техника жұмылдырылған сенбілік барысында аудан көлемінде 8815 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Сондай-ақ, ағаштарды әктеу, кесу, гүлзарларды, саябақтар мен аулаларды тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Ақсуат ауданында саябақта 1500-ге жуық үйеңкі, қарақат, долана және емен көшеттері отырғызылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button