Абай облысыТОП

Абай облысында ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Облыстың аудандары мен қалаларында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ағаштар отырғызылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңасемей ауданында ағаш көшеттерін егу және әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, акция аясында ағаштардың түбін тазарту, әктеу жұмыстары жасалып, саябақтар қоқыстан тазартылды.

Үржар ауданында 5 000-нан астам көшет отырғызылды, 3 160 тал ақталды. Қураған бұтақтарды кесу, тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 60 тонна қатты қалдықтар шығарылды. Тазалауға 21 техника жұмылдырылған.

Абай ауданында саябақтар, скверлер аумағында 250 шырша, 1 500 қарағаш, 500 терек және 200 үйеңкі отырғызылды. Сондай-ақ, ескерткіштер мен тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын жинау жұмыстары жүргізілді.

Көкпекті ауданында «Менің ағашым» атты аудандық акция басталды. Іс-шара барысында аудан орталығындағы Жеңіс саябағында 300 көшет отырғызылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button