Абай облысыТОП

Абай облысында шығармашылық жобаларды дамыту үшін жаңа студия ашылуда

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев креативті индустрияны дамыту алаңына барып, шығармашылық-өнер адамдарымен жүздесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Солардың арасында ағаш, тері, темір, сүйектен бұйым жасайтын ұсталар мен түрлі киім үлгілерін тігетін ісмерлер, дыбыс жазушы режиссерлер, әншілер, сән саласында еңбек етуші мамандар, суретшілер т.б. бар. Кездесу барысында өнер адамдары өздерінің ойларын ашық жеткізіп, тың идеяларымен бөлісті.

Кездесуде сөз алған әр адамның өтінішін мұқият тыңдаған аймақ басшысы жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық қолдаудың болатындығын айтып, айтылған идеялардың сөз күйінде қалмауын алға тартты.

Сонымен қатар, кретивті индустрияны дамытқысы келетін өнер иесі өз білімін кейінгі буын балаларымызға үйретіп, тәрбиелеу керектігін айтты.

Бүгінгі таңда осы азаматтар үшін «Қарағайлы» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан 520 шаршы метрді құрайтын алаң тегін беріліп отыр. Енді олар өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта осы алаңды қажетті құрылғылармен жабдықтау жоспарда бар.

Айта кетейік, өңір тұрғындары шығармашылық жобалар құрып, шығармашылық индустрияны дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізуде. Семейде бейне жазу, reels, сән мектептері, спорт алаңдары, арт-студиялар, қыш өнері, би студиялары т.б. бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button