Абай облысыТОП

Жаңасемей ауданында ағаш көшеттерін отырғызу және әктеу жұмыстары жүргізілуде

Жаңасемей ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы және “Жасыл аймақ” апталығы аясында ағаш көшеттерін отырғызу және әктеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аудан басшылығы Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылындағы игілікті шараға қатысты.

Ауыл әкімшілігі, мектеп, клуб, кітапхана қызметкерлері және жастардың қатысуымен ағаш көшеттері егілді.
“Таза Қазақстан” акциясының аясында сенбілік өтіп, тазалық, абаттандыру және ағаштарды ақтау жұмыстары жүргізілді.

Жаңасемей ауданының тұрғындары апта басынан көшелер мен саябақтарды абаттандырып, көшеттер егуде.

Бұл жұмыстарға аудан басшыларынан бастап жастарға дейін өз үлестерін қосуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button