Абай облысыТОП

Семейде Чернобыль апатына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті

Чернобыль атом электр станциясында 1986 жылы үлкен жарылыс орын алған. Зардабы ауыр апаттың болғанына 38 жыл уақыт өтседе, әр жыл сайын 26 сәуір апат құрбандарын еске алу күні болып саналып, естеліктер мен ерліктер айтылып келеді.

Сондай тарих беттерін бейнелейтін, тағы бір тағылымды іс-шара Достық үйінде өтті. Еркін форматта ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев пен Чернобыль апатының ардагерлері, ардагерлердің жұбайлары мен жастар өкілдері қатысты. Жиын басында Айдар Садырбаев бүгінгі басқосудың негізгі мақсатын айта келе, батырлықтың үлгісін көрсеткен жауынгер-ағаларға өз алғысын білдірді.

  • Осыдан 38 жыл бұрын Чернобыль атом электр станциясында зардабы ауыр апаттың болғаны баршамызға белгілі. Апаттың салдарын жоюға отыз мыңнан астам қазақстандық жұмылдырылды. Арамызда сонау бір қауіпті сынақты бастан өткерген ағаларымыз отыр. Бүгін сол өздеріңізбен патриоттық тәрбие беру бағытындағы жоспарларымызды талқылау үшін арнайы жүздесіп отырмыз. Сіздер өскелең ұрпақ болашағының баянды болуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сол үшін өздеріңізге зор құрметімізді білдіруге рұқсат етіңіздер,- деді Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

Еркін форматтағы басқосу болғандықтан естіліктер де, ұсыныс-пікірлер де айтылды. Семей қалалық Чернобыль мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Советқазы Қайсанов атом электр станциясындағы апатқа тікелей қатысқандығын, сол жылдарда мыңдаған отандастырымыздың қауіп-қатерге қарсы тұрып берген ерліктерін өскелең ұрпаққа бұрмалаусыз жеткізіп келе жатқандығын атап өтті.

  • 1988 жылы әскер қатарында жүргенде кадровый әскери қызметші болғанмын.Сондықтан, чернобыль солдаттарын жоюға тікелей апат ортасына әскерде жүріп Өзбекстаннан жіберілген болатынмын..Мен өзім Чернобыль қаласында тұрдым, атом электр станциясына өте жақын болды. Негізінде 2 айға барғанымен, апат 3 айға дейін созылды. Ол сәттер әлі көз алдымда. Қанша уақыт өтседе біз қатардамыз деп айтуға болады. Өйткені біз күнделікті өмірдің өзінде әскери іс-шараларға атсалысып, қатысып жүреміз. Оқушылармен, студенттермен, қала жастарымен өзіміздің Чернобыль ардагерлеріне арналған мұражайымызда кездесу ұйымдастырып, естіліктермен бөлісіп келеміз,- дейді Советқазы Қайсанов.

Шара соңында өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, азаматтық ұстаным таныта білген, ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастырудағы қажырлы еңбегі мен өңіріміздің қоғамдық дамуына қосқан зор үлесі үшін бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button