Абай облысыТОП

Абай облысының басшысы Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесті

Аягөз ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бозай ауылының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бозайлықтар әкімге көпірді қалпына келтіру мен уақытша айналма жолдың мәселесін жеткізді.

Ауыл тұрғындарымен кездесуге құрылыс мекемелерінің жетекшілері де шақырылып, Бозай елді-мекеніндегі автомобиль көпірін қалпына келтіру мерзімі бойынша өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, көпір пайдалануға берілгенге дейін уақытша айналма жол салу мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев осы сұрақтардың барлығын өз бақылауына алып, аудан әкімі мен жауапты басқармаларға жұмысты жеделдету және айналма жол құрылысына үнемі мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button