Абай облысыТОП

Абай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралары өткізілуі бойынша

Тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында су тасқынына қарсы іс-шараларға Полиция департаментінің 160 қызметкері жұмылдырылды, олар облыстың 7 ауданында құтқарушылармен, еріктілермен, жол қызметімен бірге алдын алу іс-шараларын өткізуде.

Қардың қатты еруіне және еріген су ағынының ұлғаюына байланысты су басу қаупі бар көпірлерді тексеру ерекше бақылауға алынды.

Сондай-ақ, жер төсемін су басу себептерінен жол бұзылуы мүмкіндігі және су тасқыны қаупі бар учаскелерді анықтау жүргізілуде. Осы учаскелерде полицейлер жолдың қауіпті учаскелеріндегі қозғалысты шектеуге бағытталған тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыруда.

Су тасқыны қаупі төнген кезеңде полицейлер азаматтардың мүлкін сақтау мақсатында тәулік бойы патрульдеу жүргізуде.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

https://t.me/dp_abai/4478

Осы айдарда

Back to top button