Семей

Ағымдағы жылы Семейде 40 көше жөнделеді

Бұл көшелердегі орташа жөндеудің жалпы ұзындығы 36 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, жолдарды қиыршық тас пен құмтаспен профильдеу, сондай-ақ жол төсемін ағымдағы жөндеу жоспарлануда.

Қалалық мәслихат сессиясында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2023 жылы ұзындығы 60 шақырым болатын 54 көшеге орташа жөндеу жүргізілгенін атап өтті.

-Ағымдағы жылы «Омбы-Майқапшағай»-дан «Северный» сауда логистикалық орталыққа дейінгі жол құрылысы жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың үшінші тоқсанында «Мейір-М» мердігерлік ұйымы бастады. Нысанды биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған,– деп атап өтті қала басшысы.

Сонымен қатар, аялдамаларды ағымдағы жөндеумен айналысатын мердігерді анықтау бойынша Мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, ескілерін бөлшектей отырып, жаңа аялдама павильондарын дайындау және орнату жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, қала көшелерінде 100-ге жуық жаңа автобус аялдамалары пайда болады.

– Сондай-ақ, жерасты және жер үсті өткелдеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жер үсті өткелінде лифт ауыстырылады, – деді Семей қаласының әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button