Абай облысыТОП

Ақсуат ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылдың 28-наурызынан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Сондай-ақ, қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button