Абай облысыТОП

Мүгедектігі бар адамдар толғандырған өзекті мәселелер талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Семей қаласының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шараға Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев, ҚР Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғайтын 58 үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты.

Назгүл Сағындықова Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы алға қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізетін мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мен қорғаудың қабылданып жатқан шаралары туралы жұртшылықты хабардар етті.

Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігіне, баспанаға, білімге, жұмысқа орналасуға, медициналық оңалтуға, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелерді талқыланды.

Алқалы жиыр барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып және олар Қазақстанның инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button