ҚазақстанҚоғамПрезидентТОП

Мемлекет басшысы ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

– Мен жуырда Үрімжіге бардым. Жалпы Қазақстанның Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі. Сондықтан біз сияқты көрші мемлекетке ынтымақтастықты ілгерілету тиімді әрі қажет. Қазақстанға келер болсақ, осы ықпалдастықты табысты дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл өлке Қазақстанның ҚХР-мен сан қырлы байланысын нығайтуда стратегиялық рөл атқарады.

Эркин Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ақорда
Фото: Ақорда

– «Үш зұлым күшке» қарсы күреске және осы аймақтағы тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың тарихы тереңде жатыр. Төраға Си Цзиньпиннің стратегиялық басшылығымен және Сіздің қолдауыңызбен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасы сәтті ұштастырылды. Екі ел мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатты. Өткен жылы наурыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй бастаған делегация Қазақстанға келіп, өте маңызды келісімдерге қол жеткізгенін ерекше атап өткен жөн. Былтыр қазан айында Сіз Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына сапармен келдіңіз. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін берді, – деді ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң Халық үкіметі төрағасының Қазақстанға сапары өңіраралық кооперация мен шекара маңындағы облыстардың өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button