Аягөз ауданында 28 отбасы қоныс тойларын тойлады

Мемлекеттік тұрғын үй қорында әлеуметтік жағынан осал топ ретінде кезекте тұрған тұрған 28 отбасыға Аягөз қаласының Р.Қошқарбаева көшесінде бой көтерген тұрғын үйлердің кілттері табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Осы орайда аудан бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», – деді Қанат Әділбай.
Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.
Анықтама үшін:
Баспанамен қамту бағытында. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 1445 азамат тіркелген.
Оның ішінде:
– әлеуметтік осал топта – 667 азамат;
– көпбалалы отбасы санатындағы – 271 азамат;
– жетім балалар немесе ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар санатында – 203 бала;
– мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме жұмысшылары санатында – 287 азамат;
– заңнамаға сәйкес үйі апатты деп танылған азаматтар кезегінде – 17 отбасы тіркелген.
Semeynews.kz