ҚоғамМерекеТОП

1 наурыз күні Семейде 20 іс-шара өтеді

Көктемнің алғашқы күнінде қазақстандықтар дәстүрлі түрде Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен сәйкес келеді.

Ертең Семей қаласы мен ауылдық округтерде 20 мерекелік іс-шара өтеді. Сондай-ақ, бірнеше адамға қала әкімінің Алғыс хаттары табыс етіліп, Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары өз бөлімдері жетекшілік ететін кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдіреді.

Қала бойынша Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар аптаның соңына дейін жалғасады.

   

”Бұл күні мерекелік концерт, Алғыс айту күніне арналған жиналыс пен конференциялар, спектакльдер,дөңгелек үстелдер, акциялар және т. б. шаралар жоспарланған. Әрбір мәдени орталық мерекелік шараларды ұйымдастырды. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл мереке ауылдық округтерде де өтеді”, – деп атап өтті Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Бахатова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button