ҚазақстанҚоғамПрезидентТОПШҚО

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңында болды

Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысы жөнінде мәлімет берілді.  

Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады.

Бүгінде компания өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салып отыр.

сүт
Фото: Ақорда

Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар.

Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесіп, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.

сүт
Фото: Ақорда
Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button