Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Нұрлан Ұранхаев «Азаматтарды қабылдау» орталығында жеке мәселелерімен облыс және қала тұрғындарын қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін іс-шараға аудан әкімдері мен басқарма басшылары да қатысты.

Тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көшені жарықтандыру, абаттандыру, тұрғын үйлер салу және құжаттарын қалыпқа келтіру, балалар ойын алаңдары, әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ Семей қаласында аялдамалар орнату мәселелерін көтерді.

Өткен жылы облыс орталығында 110 жаңа аялдама орнатылып, 50-ден астам аялдама жөнделді. 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес тағы да жаңа аялдамалар орнатылады. Балалар ойын алаңдарын салуға қатысты қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім әзірленуде.

Жеке қабылдау барысында облыс әкімі жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді бақылауға алды.

Айта кетейік, «Азаматтарды қабылдау» орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 86 үй (Абай атындағы әмбебап кітапхана).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері аралығы, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button