Абай облысыҚоғамТОП

Бородулиха ауданында жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бородулиха ауданы бойынша аудандық маңызы бар көшелер мен жолдарды (337 км жол) тазарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тартылған қар тазалау техникасының жалпы саны 70 бірлікті құрайды, оның ішінде: автогрейдерлер, аспалы шнекоротерлер, Урал базасындағы шнекоротор, доңғалақты тракторлар, тиегіштер, К – 700 тракторы, шынжыр табанды тракторлар.

Сонымен қатар, Бородулиха ауылынан шығарылған қардың жалпы көлемі шамамен 25 мың текше метрді құрайды.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button