Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарлайды

2024 жылғы 7 ақпаннан 7 наурызға дейін
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарлайды
Іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;
2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру:
– белгіленген үлгідегі өтініш;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);
– жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;
– кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;
– әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.
Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы.
- 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
- Жоғары заңгерлік білім.
Іріктеу құжаттарын қабылдайтын құқық қорғау органы Абай облысы прокуратурасының орналасқан мекенжайы: Семей қ., Панфилов көш.,69.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7222) 56-89-13.