Абайская областьТОП

«Ару Ана» республикалық конкурсына өтінімдер қабылданады

«Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы (бұдан әрі – конкурс) әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған. Конкурсқа Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.

Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды:

⚡️ жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
⚡️ жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
⚡️ жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
⚡️ жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).
Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен (бар болса), фото және бейнематериалдармен қоса ұсынылады.

Өтінімдер 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында Семей қаласы, Т. Ұранхаев көшесі, 53 үй мекенжайында қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 87777903285, 87058538213

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button