ҚоғамСемейТОП

Нұрбол Нұрсағатов Комсомол кентінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін Семей қаласының басшысы Нұрбол Нұрсағатов Комсомол кентіне барып, тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады. Көшпелі кеңеске коммуналдық мекемелердің өкілдері де қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында кент тұрғындары қала әкімінен қоғамдық көліктердің маршруттарын өзгертуді және аялдама павилондарын орнату сұрады. Сондай-ақ, олар иесіз иттердің көптігіне шағымданды.

Көтерілген сұрақтардың көпшілігі сол мезетте шешілді. Қала басшысы қалған сұрақтардың шешілуіне уақыт қажет екендігін түсіндірді.

“Бүгін айтқан әрбір сұрақтарыңыз жауапсыз қалмайды. Биылғы бюджетке сай қарастырамыз. Кентті дамыту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, биыл, Комсомол кентіндегі 6 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жүргіземіз. Қажет болған жағдайда қосымша аялдама павилондарын орнатамыз”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, 2023 жылы Комсомол кентінде Марсеков, Знаменская, Көкшетау, Раздольная, Жидебай, Достық, Ермек, Зайсанская, Бөкейханов, Маметов көшелеріне жарықтандырулар жүргізілді. Сонымен қатар, Дружба, Марсекова көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button