Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Семейде түрмеге торт ішіне телефон тығып әкелген ер адам ұсталды

Семейде №19 түзеу мекемесіне ұялы телефонды алып өтпек болған ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазасын өтеушінің танысы айлаға барып, торт ішіне телефон, нан ішіне қуаттағыш құрылғы мен құлаққап жасырып, түрмеге кіргізбек болған. Алайда Ұлттық ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығы ер азаматтың жымысқы әрекеті жүзеге асырмады.

  • Бір қарағанда кәдімгі нан бөлкесі. Алайда қолыма ұстап көргенде тағам салмағында біршама ауырлық бар екендігін аңғардым, артынша тінту барысында тамақ ішінен тыйым салынған заттар табылды, – дейді кезекші бақылаушы қатардағы Әлихан Меллат.

Түзеу мекемесінің сәлем-сауқат бөлмесінде ұсталған Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тыйым салынған зат әкелушіге қарсы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігі бойынша құжаттар жиналып, сотқа жолданды. Еске салайық, аталмыш түзеу мекемесіне байланыс құралын өткізу әрекеті ағымдағы жылдың алғашқы фактісі болып тіркеліп отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button