Семейдің коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
22 қаңтар күні қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 80-нен астам жол жұмысшылары мен 80-нен астам арнайы техника, 8 жұмысшы бригадасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, қала бойынша автокөлік жүретін жолдар мен тротуарларда қала тұрғындарының ыңғайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы үнемі себілуде.
Semeynews.kz