Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Абай облысында туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚР Заңына сәйкес 4 бағыт бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге және субсидиялауға туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды:

1. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының 10% өтеу;

2. Кәсіпкерлік субъектілерін айына 83 300 теңге мөлшерінде санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға субсидиялау;

3. Шығындарды өтеу шарасымен жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының 10% өтеу;

4. Туристік қызметті өтеу шарасы мөлшерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі құнның 25%-ын өтеу.

Кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, құрылыс, жол бойындағы сервис объектілері, туристік қызмет объектілерін реконструкциялау, сыйымдылығы 8 (сегіз) орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін беріледі.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша өтінімдер Басқарма атына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін беріледі.

Құжаттар топтамасын қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 25, «Meridian» БО, 3 қабат, 304 кабинет немесе электрондық поштаға: tourismabai@gmail.com, тел.: 8-701-183-28-77 Әділет Жұмагелдіұлы, 8-705-764-64-01 Назгүл Айдынқызы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button