ШҚОҚоғамТОП

ШҚО-да сотталғандарға спирттік ішімдік лақтырды

Шемонайхадағы түзеу мекемесінде сағат 20:05 шамасында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтырған азамат дереу оқиға орнынан ізін суытқан, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы сәтте сотталушы тұрғын аймақтан сытылып шығып, зат түскен аумаққа қарай ұмтылғанын байқап қалған бекет сақшысы алдымен қарауыл бастығына хабар бергшен. Одан кейін жазасын өтеушіге дауыс арқылы ескерту жасағанымен сотталушы сақшының бұл әрекетіне мән бермеген. Жауынгер бұдан кейін қаруын сақтандырғыштан шешіп, жоғары қарай ескерту оғын атады. Бұл уақытта әскери жасақ оқиға орынына жедел жетіп, тыйым салынған заттарды алып кетпек болған сотталушыны ұстады. Кейіннен белгісіз азамат сотталушыларға спирттік ішімдік лақтырғаны анықталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button