ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімдігі қалаға кіретін аумаққа кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына байқау жариялайды

Семей қаласының әкімдігі қалаға кіретін аумаққа кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына байқау жариялайды, – деп хабарлайды Semeynews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті семейліктер!

Семей қаласының әкімдігі қалаға кіретін аумаққа кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына байқау жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қалаға кірген кезден бастап, Семей қаласының жаңа сәулеттік-көркемдік және эстетикалық мүмкіндіктерін көрсететін үздік тұжырымдамалық жобаны анықтау.

Байқауға келіп түскен эскизді арнайы құрылған комиссия құрамы анықтайды. Комиссия құрамында қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері және Қазақстан сәулетшілер қоғамының мүшелері бар. Қорытынды шешім комиссия мүшелердің көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас кәсіптердің мамандары, авторлық ұжымдар қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 20 желтоқсан сағат 18:00-ден кешіктірілмей Семей қаласы, Б. Момышұлы 16, № 307 кабинет мекенжайы бойынша баспа және электронды түрде қарауға ұсынылады. Байланыс телефоны: +7 (7222) 353903, электрондық адрес – semey.sayasat@gmail.com.

Толық ақпаратты Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтынан ала аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/662995?lang=kk

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button