ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болған

Бүгін 15:30 уақыт шамасында Өскемен қаласының №16 түзеу мекемесінде бірнеше смартфонды лақтырмақ болғандардың жолы кесілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеме қызметкерлерімен бірге 6699 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі тиым салған аймақтақтың бірін торауылдау кезінде бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтыруға әрекеттенген К. есімді азаматты қолға түсіреді.

Тексеру барысында ұсталған азамат сотталғандарға SIM картасы бар бірнеше смартфон лақтырмақ болғаны анықталды.

Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button