Абай облысыБизнесҚоғамСемейТОП

Семейде отандық тауар өндірушілер мен дистрибьютерлердің жәрмеңкесі өтеді

2023 жылғы 13-15 қазан аралығында Абай облысы кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілер мен дистрибьютерлердің жәрмеңкесі өткізіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шараның мақсаты – құрылыс және жөндеу саласындағы барлық мүдделі тараптар үшін кездесуге, тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестіктер табуға бірегей мүмкіндік беру.

Құрылыс жәрмеңкесі – бұл құрылыс материалдарын өндірушілерін, құрылыс индустриясының өкілдерін басын қосатын ауқымды іс-шара.

Мекенжайы: Семей қ, Кабельный көшесі 2 А
Уақыты: 9:00-17:00
Толығырақ келесі байланыс телефондары арқылы білуге болады: 8(722)2360300, 87011832877, 87776511861.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button