Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП
Абай облысының Үржар ауданында пай”даланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жүйелі түрде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Үржар ауданында 11253,7 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сондай-ақ, ҚР жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау мақсатында жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда бұл бағытта белсенді жұмыстар жүріп жатыр.
Айта кетсек, 2023 жылы Үржар ауданында жер заңнамасын бұзып немесе мақсатты пайдаланылмай жатқан 28 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған.
Semeynews.kz