Абай облысыҚоғамСпортТОП

Абай облысының балуандары ҚР Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалінде жүлделі орындарға ие болды

Астана қаласында ҚР Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Фестивальға 17 облыс пен 7 қаладан келген 1362 спортшы тіркелген. Олар 11 ұлттық спорт түрінен, оның ішінде: асық ату, аударыспақ, бәйге, садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ спортынан сайысқа түседі.

Қазақ күресінен Абай облысының балуандары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

70 келі салмақ дәрежесінде Роза Нысантайқызы жеңімпаз атанса, 90 келі салмақта Санжар Ақылбеков 2 орынды, 100 келі салмақта Әсет Ахметжанов 3 орынды иеленді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button