Абай облысының полицейлері мас жүргізушіні ұстады
Абай облысының полицейлері мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғааларының көбеюі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуларын жалғастырып жатыр, осылайша өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндіреді.
Семей қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына қарай жол тартқан 42 жастағы Nissan көлік құралының жүргізушісін жол бойында Семей – РФ тас жолының 46 шақырымында тонировкалы көлікті байқаған патрульдік полиция ротасының полицейлері тоқтатқан.
Жүргізушімен сөйлескен кезде полиция қызметкері одан бейәдеп қозғалыстар мен көз жанарының үлкейгенін байқаған.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Nissan жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды және қазіргі уақытта 15 тәулікке әкімшілік қамауда отыр.
Автокөлік айып тұрағына орналастырылды.
Semeynews.kz