Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Абай облысының Көкпекті ауданындағы балықшылар ауылында балық өңдіру цехі ашылды

Енді ауыл тұрғындары өзге қалаларға өз өнімдерін еліміздің қалаларына тасымайтын болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауылдағы жас кәсіпкер Бақтияр Ибрагимов балық цехын ашып, балықты толық өңдеуге мүмкіндік берді. Цехтың құрылуы ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізіп, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорын сазан, шортан, көксеркенің етін, одан бөлек балық қанаттарын сатады. Цехтың қуаттылығы күніне 1 тоннаға жуық жоғары сапалы балық өнімдерін шығара алады. Тассайда өндірілген өнім Семей, Алматы, Астана қалаларының сауда орталықтарының сөрелерінде сатылып жатыр.

Балық цехының иесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қосымша қаржы алып, кәсіпорынды кеңейтіп, тағы да 50 жаңа жұмыс орынын ашуды жоспарлап отыр.

Тассай ауылы ежелден балық шаруашылығы жақсы дамыған елді мекен. Ауыл аудан орталығы Көкпекті ауылынан 60 шақырым, Зайсан көлінен 40 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде ауылда 867 адам тұрады, олардың көпшілігі балық аулау кәсібімен айналысады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button